{metadescription}
Алматы балабақшасында салт-дәстүрді үйрететін ойын ұйымдастырылды
Алматы балабақшасында салт-дәстүрді үйрететін ойын ұйымдастырылды

Алматы балабақшасында салт-дәстүрді үйрететін ойын ұйымдастырылды

Тәрбие тал бесіктен. Алматыдағы №125 бөбекжай-балабақшасында бүлдіршіндерге салт-дәстүрді үйрететін арнайы шара өтті.

30-ға жуық балабақшаның өкілдері жиналған жиын қазақтың әдет-ғұрпына арналған. Бүлдіршіндерге түсінікті болу үшін ұлттық құндылықтар ойын түрінде көрсетілді. Ата-аналар да тәрбиешілерден қалыс қалмай, қазақи ою-өрнек басуды түсіндірді. Ұлттық нақыштағы бас киім, көрпеше, сондай-ақ түрлі әшекей-бұйымның қалай тігілетінін де көрсетті. Ал ер-балаларға әкелері садақ атуды түсіндірді. Балабақша қызметкерлері балаларда ұлттық болмыс туралы түсінікпен қоса, олардың ой-өрісін дамытуға болады дейді.

Роза Ималова, №125 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі:

 Көкпар тарту, садақ ату, мергендік, қамшы жасауды ата-анамызбен бірігіп жасадық. Баланың қимыл-қозғалысын дамытуда асық ойнатып, мергендікке баулимыз. Көптеген дүниені көрсеттік. Өскелең ұрпағымызды ұлтжанды болуға, патриоттыққа тәрбиелеу, Отанын сүюге үйретеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде