{metadescription}
Қостанай облысында жылу қазандығы жарылып, от жағушыны басып қалды
Қостанай облысында жылу қазандығы жарылып, от жағушыны басып қалды

Қостанай облысында жылу қазандығы жарылып, от жағушыны басып қалды

Қостанай облысында жылыту қазандығы жарылды. Жойқын жарылыстан жеке қазандық тұрған ғимарат құлап, ішіндегі от жағушыны басып қалған.

Оқыс оқиға Амангелді ауданындағы Амангелді ауылында болған. Жарлыстан кейін тұрғындар мен құтқарушылар жабылып жүріп ғимарат қирандыларын аршыды. Тіпті арнайы техниканы қосуға да тура келген. Сөйтіп үйінді астынан сол жерде пеш жағатан 55 жастағы азаматты аман алып шықты.Оны бірден жедел жәрдем ауруханаға әкетті. Жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер. Ол Арқалықтағы ауруханаға ауыстырылуы мүмкін.

Жеке қазандық жергілікті Мәдениет үйін жылытып тұрған. Cонымен қатар үш қос қабатты үй, мұражай мен сот ғимараты да осы орталыққа жалғанған. Жергілікті билік енді жылу беруді үзбеу үшін уақытша жылжымалы модуль қазандықты қолданамыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде