{metadescription}
Ақтөбе облысы: Боранда 30 көлік соқтығысып, төртеуі аударылған
Ақтөбе облысы: Боранда 30 көлік соқтығысып, төртеуі аударылған

Ақтөбе облысы: Боранда 30 көлік соқтығысып, төртеуі аударылған

Ақтөбе облысында ақтүтек бораннан бір күнде 30 көлік соқтығысып, төртеуі аударылған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Дегенмен облыста қазір жолдар жабылып, полиция бекеттерде кезекшілікте тұр.

Жол апатының бірі Ақтөбе-Орынбор тас жолында Мәртөк ауылының маңында тіркелген. Жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп көлігі аударылған. Дүлей дауылдан Ақтөбеден Қандыағашқа баратын жолда ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. Жүргізушілер бораннан жолдың нашар көрінетінін әрі көктайғақ екенін айтады. Мамандар ауа райының құбылуына байланысты облыста көлік қозғалысын шектеген. Әсіресе Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының бірнеше бөлігі жабық.

Айдос Кұлжанов, Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығы:

Тәртіп сақшылары қозғалысты реттеп, сонымен қатар қиын жағдайға түскен жүргізушілерге өз көмек беруде. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бір күннің ішінде 30 көлік соғылып, с4 автокөлік аударылды. Зардап шеккендер жоқ. Осыған байланысты барлық жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескеріп, өте сақ болуға шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде