{metadescription}
Зейнетақы саласында әзірге реформа қарастырылмаған
Зейнетақы саласында әзірге реформа қарастырылмаған

Зейнетақы саласында әзірге реформа қарастырылмаған

Тұрақты жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер уәде етілген төлемінен айырылмайды. Қарашаның басында біраз сұрақ туындатқан мәлімдемесін еңбек министрінің өзі түсіндіруге мәжбүр болды. Ол отыз тістен шыққан сөз халыққа бұрмаланып жетті дегенге келтірді.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Ерте шығу және де кеш шығу, екі тәсілі бар, біздің атап өткен ұсыныстар. Ерте шығу құқығы мен кешіктірілген шығу құқығы деген. Кейін шығуда қазіргі зейнеткерлер өз құқығын іске асырды ғой. Зейнетке шығып кетті. Бұл ұсыныс біздің қазіргі зейнетақысын алып отырған азаматтарға ешқандай кедергі келтірмейді. Олар қалай өздерінің зейнетақысын алды, қалай жұмыс істеп отыр ол солай жалғаса береді. 

Светлана Жақыпова бұл жай ғана ұсыныс және ешбір заң жобасы әзірленбеді әрі Үкіметпен келісілген дәнеңе де жоқ деп анықтап айтты.

Осылайша биыл және келесі жылы зейнетақы саласында әлденедей реформалар қарастырылмағанын атап өтті. Ол бұл бар болғаны еңбек нарығына жасалған болжам ғана екенін түсіндірді. Мәселен, биыл еңбек нарығына 300 мың жас қосылды, оларға тиісті жұмыс орны қажет болғандықтан, сарапшылар осындай ұсынысты ортаға салыпты. Десе де зейнеткерлердің қытығына тиіп, дау туғызған мәселеге бәрінен бұрын министр журналистерді кінәлі деп танып отыр.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Неге журналистер тек қана бір сөзді ғана жұлып алып, соны ғана беріп, хейт дейді, сонымен күллі қоғамды дүркіретті, рас. Бірақ сіздер, менің өтінішім, дұрыс жеткізіңіздерші, негізгі ақпаратты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде