{metadescription}
Мемлекет басшылары Дональд Трампты құттықтай бастады
Мемлекет басшылары Дональд Трампты құттықтай бастады

Мемлекет басшылары Дональд Трампты құттықтай бастады

Дональд Трамптың Ақ үйге қайта оралатын түрі бар. Сайлаудың алдына ала қорытындысы бойынша экс-президент саяси додадағы қарсыласын басып озып, 276 дауыспен алда келеді. Ол тіпті ел алдына шығып, өзін АҚШ-тың 47-ші президентімін деп жариялады. Тіпті өзге мемлекет басшылары Трампты жеңіспен құттықтауды бастап кеткен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жеделхат жолдады. Алайда әлі сайлау қорытындысы ресми түрде жарияланбады. Нақты нәтижені екінші үміткер Камала Харрис үнсіз күтіп отыр.

Американың 47-ші президенті болуға таласқан демократиялық партия өкілі Камала Харрис 219 дауыс жинаған. Ал республикашылар атынан саяси додаға түскен Дональд Трамп 276 дауыс жинап, айқын басымыдылықпен алдыға шықты. АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдары оны «жеңімпаз» деп жарыса жазуда. Франция президенті желіде құттықтау хат қалдырды.

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

Президент Дональд Трампты құттықтаймын. Төрт жыл бойы жұмыс істегендей, бірлесіп тағы жұмыс істеуге дайынбыз. Құрметпен және амбициямен. Бейбітшілік пен өркендеу үшін.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трампқа жолдаған құттықтау жеделхатында жаһандық қауіпсіздік үшін күресінде табыс тілеген. 

Ақорда:

Қазақстан президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Америка халқының өсіп-өркендеуі жолындағы, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне табыс тілейді.

Биылғы АҚШ-тағы саяси додаға шамамен 16 миллиард доллар жұмсалған. Тарихтағы ең қымбат деп танылған Американың 60-шы рет өткен президенттік сайлауында топ жарып шыққанына Трамптың өзі де сенімді. Бүгін ол Флорида штатында жақтастырының алдында сөз сөйлеп, «бұдан былай соғыс болмайды» деп уәде берді.

Дональд Трамп:

Бұл саяси жеңіс екені анық. Мен америкалықтарға сіздердің 47-ші президенттеріңіз болып сайланғаным үшін алғыс айтқым келеді. Мен соғысты бастамаймын, соғысты тоқтатамын.

Ал сарапшылар бүкіл әлемдік экономиканың серпіні осы саяси науқанның қорытындысына байланысты болады дейді. Тіпті сайлау қор биржаларына қазірден әсер етуде. Биткоин курсы тарихи рекорд орнатып, 75 мың долларға дейін қымбаттады. Валютаның мұндай қарқынды өсуіне Трамптың сайлаудағы алдын ала жеңісі әсер етіп отыр дейді экономистер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде