{metadescription}
«Нұрлы жер». Сапасыз тұрғын үй салғандарға қатысты сот үкімі шықты
«Нұрлы жер». Сапасыз тұрғын үй салғандарға қатысты сот үкімі шықты

«Нұрлы жер». Сапасыз тұрғын үй салғандарға қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасымен сапасыз тұрғын үй салғандарға қатысты сот үкімі шықты. 24 пәтерлік екі үй салған екі құрылыс компаниясының басшылары алты жылдан арқалады. Сонымен қатар техникалық және авторлық бақылау жүргізген тағы екі қызметкер бес жылға бас бостандығынан айырылды. 

Бюджеттің 337 миллион теңгесіне “Машат” және “ Агро сервис” құрылыс компаниялары 2019 жылы 24 пәтерлі екі үй салған. Алайда екі-үш жыл өткенде баспаналардың іргетасы ыдырай бастады. Тұрғындар шу көтерген соң, сараптама тағайындалып, ғимараттардың апатты екені расталды. Тұрғындар басқа пәтерлерге қоныс аударған. Қала әкімдігі мердігерлерді сотқа бергенімен, кепілдік мерзімі өткендіктен әлгілер аудандық сотта ақталып шыққан. Дегенмен прокуратура нарызылығымен іс қайта қаралып, құрылыс компаниялары басшылары тергеуге алынды. Істегі мәліметтер бойынша ғимараттардың іргетасы тіптен құйылмаған болып шықты. Сол орында бұрын белгісіз жағдайларда құйылған іргетастардың үстіне ғимарат көтерілген. Сот шешімімен кәнілі деп танылған тұлғалар баспанаға деп бөлінген 338 миллион теңгеге жуық қаражатты бюджетке қайтаруы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.