{metadescription}
Алғаш рет: Ғарышқа ағаштан жасалған жерсерік жіберілді
Алғаш рет: Ғарышқа ағаштан жасалған жерсерік жіберілді

Алғаш рет: Ғарышқа ағаштан жасалған жерсерік жіберілді

Ғарышқа алғаш рет ағаштан жасалған жерсерік жіберілді. Аппаратты жапондық екі зерттеуші құрастырған екен.

Ағаштан жасалған құрылғының ғарыштағы түрлі төтенше жағдайға қалай шыдас бере алатынын тексереді. Өйткені онда ауа температурасы әр 45 минут сайын -100 градустан +100 градусқа дейін өзгеріп отырады. Ешқандай желім немесе бұранды қолданылмай жасалған LignoSat деп аталған жерсерігі алдағы күндері халықаралық ғарыш станциясына жеткізіледі. Ал содан соң, жер бетінен шамамен 400 шақырым биіктіктегі орбитаға шығарылады. Жоспар бойынша мұнда ол жарты жылдай тұрақтайды екен. Экологиялық материалдан жасалған аппараттың көлемі алақандай-ақ, ал салмағы бір келі.

Кодзи Мурата, Киото университетінің профессоры:

LignoSat корпусы - магнолия ағашының бір түрі, жапониялық хонокиден жасалған. Өте берік әрі оны өңдеу де оңай. Бұл ағаш әдетте қылыш немесе жапондардың дәстүрлі аяқ киімін жасауда қолданылады. Егер зерттеу сәтті өтсе, астронавттар үшін ғарышта экологиялық таза материалдан жасалған үй де саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.