«Келесі жылы 70 жыл». «Салтанат» би ансамблі жаңа маусымын ашты
Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі көрерменге жаңа маусымын паш етті. Келесі жылы ұжымның құрылғанына 70 жыл толмақ.
Автор: Ақтоты Жұмабек
06.11.2024
Өнер ұжымы 70 жыл бойы ұлтымыздың би мұрасын насихаттап келеді. Репертуарында әлем халықтарының қойылымдары да бар. Ансамбль қоржынында 150-ден астам би бар. Шоқтығы биік ұжым концерт бағдарламасымен Қазақстанның түкпір‑түкпірін аралап, шетелге де гастрольге жиі шығады. Жаңа маусымның ашылуына арналған кеште әйгілі балетмейстер Талғат Ахметұлының «Самғау» қойылымының тұсауы кесілді. Жұртқа ұсынылған жаңа қойылым қазақтың салт-дәстүрін дәріптейді.
Елубай Кенжалиев, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің директоры:
— Бүгінгі концерттің ерекшелігі — 80 пайызға жуық жаңа би қойылымдары. Өзбек биі, тәжік биі, яғни «Азия жаңғырықтары». Бұрында Еуропа билері болған. Осы жолы «Азия жаңғырықтары» деп, Азия халықтарының биін қостық. Жүрегімен билеу және оны бүгінгі талғамы бөлек көрерменге жеткізу — «Салтанат» би ансамблінің басты міндеті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!