{metadescription}
Павлодар: Боранда 67 жастағы әйелді ағаш басып қалды
Павлодар: Боранда 67 жастағы әйелді ағаш басып қалды

Павлодар: Боранда 67 жастағы әйелді ағаш басып қалды

Павлодарда боран құлатқан зәулім ағаш 67 жастағы әйелді басып қалды. Таңертең үйінен шыққан ол оқыстан ажал құшты. Павлодарда дүлей дауыл түнде басталған. Аулаларда ағаштар құлап, көліктерді зақымдады. Электр желілері де үзіліп, біраз аудан жарықсыз қалды.

Үстіне ағаш құлаған әйелдің сүйегінің сау тамтығы қалмапты. Аяғы, кеуде сүйегі үгітіліп, бел омырқтасы мен жамбасы сынған. Ауруханаға жеткенде жан тапсырды. Құлаған ағаштар ауладағы көліктерді де басып қалды. Қатты жел көтеріп әкеткен шатырлар да тұрақтардағы автокөліктерге түсіп зақымдады.

Осындай жағдай Екібастұз, Ақсу қалалары мен Баянауыл аданында тіркелді. Өңірде дүлей дауыл электр желілері мен шағын станцияларды қиратқан. Бүгін жарық беруге ұзын саны 15 бригада жұмылып жатыр. Сонымен қатар тағы 10 бригада құлаған ағаш пен ұшқан шатырларды жинастырып жүр.

Қазбек Рымбеков, Павлодар облысы ТЖД жедел тобының маманы:

Ақтоғай, Баянауыл, Май, Ертіс, Шарбақты, Өспен және Аққұл аудандарында электр қуатын өшіру 28 фактісі тіркелді. Құрметті облыс тұрғынары мен қонақтары, ауа райының нашарлауы және қатты желге байланысты ТЖД жоғарғы сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде