{metadescription}
Астана табиғаттың тосын мінезінен зардап шегіп жатыр
Астана табиғаттың тосын мінезінен зардап шегіп жатыр

Астана табиғаттың тосын мінезінен зардап шегіп жатыр

Астанада да табиғат тосын мінез танытып тұр. Кешелі бері елордада қатты жел тұрып, шатырлар жан-жаққа ұшып, бірсыпыра көліктер мен ғимараттарды зақымдады. Жарықсыз қалған аудандар да бар.

Бас шаһарға өңменінен өтетін қарашаның қара суығы келді.  Онтүстік шығыстан азынай соққан жел қойны-қонышын тінтіп, тұрғындарды әбден қалтыратып жіберді. Жел екпіні секундына 28 метрге дейін барды. Уілдеген желдің дауысымен ұйықтауға тура келді. 

Ал Алматы мен Сарыарқа аудандарындағы жеке сектор тұрғындары тіпті жарықсыз қалды. Ұйытқып соққан ызғырық жел қаланың инфрақұрылымына әрі астаналықтардың мүлкіне нұқсан келтірмей қоймады. Айналадағы алай-дүлейден үрейленген жұрт бар көргенін жаппай әлеуметтік желіге жүктеді.

Табиғаттың тосын мінезі астаналықтарға біршама шығын келтіріп қоймай, денсаулыққа да зиянын тигізді.Травматология орталықтарына түрлі жарақатпен 150-ге жуық адам, оның ішінде 30-дан аса бала түсті. Күн райы көлік қозғалысына да кедергісін келтірді. Өткен тәулікте елордада 110 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Ержан Әділбеков, Астана қаласы ПД ЖПҚБ бастығы:

  Жүргізушілерден мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өтетін жерде жылдамдықты алдын ала төмендетуді сұраймыз. Жүргізушілер ғана емес, сонымен қатар жаяу жүргіншілер де ерекше сақтануы керек.

Күннің күрт бұзылуынан әуе рейстерінің кестесіне өзгеріс енгізілді. . Астана халықаралық әуежайынан аттануы тиіс 80 рейстің алтауы және ұшып келуі тиіс 82 ұшақтың алтауы кешікті.

Сәуле Мұқанова, Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің маманы:

  Астана қаласынан Дубай, Стамбұл, Атырау, Петропавл, Орал және Санья қалаларына рейс кешікті. Ең көбі ол 11 сағатқа дейін, Дубай қаласына. Ұшып шығуға да кешіктіріліп жатыр. Ол Астана қаласынан Алматы, Қызылордаға, Ақтауға және Орал қалаларына, кешіктірілуде.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушыларға оқыс оқиға туралы 19 хабарлама түскен. Қатарында кран мен ағаш құлауы және шатырдың ұшып кетуі бар. Сондықтан құтқарушылар тұрғындарға үйде отыруға кеңес береді.

Азамат Жұмекешов, Астана ТЖД ресми өкілі:

  Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісте немесе дүкенді паналаңыз. Үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шатыр материалдары құлауы мүмкін. Қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 сыныптарға дейінгі оқушылар қашықтан оқыту форматына ауысты. «Қазгидромет» мамандары тұрақсыз күн райы алдағы күндері де сақталатынын жеткізді.

Қамшат Катауф, "Қазгидромет"РМК инженер-синоптигі:

  Елдің солтүстігінде қатты қар жауады, елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында 30 м/с және одан да көп екпіні бар өте қатты жел сақталады.

Мамандар еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін, ал күндіз 2-7 градус аязға дейін төмендейтінін болжап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде