{metadescription}
Алаяқтық: Президент жанындағы комиссия мүшесіміз деп таныстырған
Алаяқтық: Президент жанындағы комиссия мүшесіміз деп таныстырған

Алаяқтық: Президент жанындағы комиссия мүшесіміз деп таныстырған

Елімізде алаяқтардың жаңа түрі пайда болды. Әккі қулар өзін Президент жанындағы комиссияның мүшесіміз деп таныстырып, ауқатты кәсіпкерлерді тақырға отырғызып жүр. Айласын жүзеге асыру үшін тіпті елдің алдында жалған медальмен марапаттайды екен. Әбден сеніміне кіріп алғаннан кейін ойдан құрастырылған ұйымдарына қаржылай қолдау көрсетуін сұрап, миллиондарын қағып алады. Осындай алаяқтардың құрығына ілініп қалғандардың арасында олигархтардың әйелі де бар.

Бұл жақында ғана Алматыда өткен be Woman Орталық Азия форумының марапаттау сәті. Видеода ауқымды шараның ұйымдастырушысы Жанна Канға медаль тағылып жатыр.

Бір қарағанда еш күмән келтірмейсің. Бірақ ел алдында тағылған төсбелгінің жалған екені кейін анықталды. Ал сахнаға шығып марапаттаған жас жігіт кім? Оған мұндай құзырды кім берді? . Арнұр Әпсейітов ойдан шығарылған сый-құрметті анау-мынау емес, Президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия атынан табыс еткен.

Әділ Сайфуллин, Sayasat.kz медиа жобасының бас редакторы:

  Мұндай алаяқтар өз жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін, жеке кәсіпкерлігін шынайы мемлекеттік органдардың атауларымен құрады. Мысалы, «қандай да бір тергеу түрі бойынша департамент» деген сияқты. Сөйтіп өзіне жалған қызметтік құжат жасап алып, кәсіпкер іздейді немесе мемлекеттік мекемелерді ақша бөлуге мәжбүрлейді. Ақтау қаласында осындай алаяқтардың бірі өзіне жер бөлуді сұраған.

21 жастағы Арнұр Әпсейітов деген азаматты антикор былтыр ұстап, екі ай қамауға алған. Кейін сот шешіміен бес жылға бостандығы шектелген. Өйткені өзін жастар ісі жөніндегі сенатор деп таныстырып, бір компаниядан 20 миллион теңге бопсалаған көрінеді. Яғни қазір ол пробациялық бақылауда жүр.

ҚР Сот әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі:

Сотталған азаматтың уәкілетті органға хабарламастан әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерлерге шығып, ол жерде ойын-сауық мекемелеріне барғаны және өзін «Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы» КММ төрағасының кеңесшісімін деп таныстырғандығы анықталды. және Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, іс-шараларға қатысып, телеарналарға сұхбат берді. Сот шешімімен пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды.

Заңгерлердің айтуынша, әккі қулар ел алдында жалған медаль табыстау арқылы ауқатты кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің сеніміне кіреді.

Анна Юдина, заңгер:

  Грамоталар белгілі бір адамға беріледі. Мақсаты   соларға құрмет көрсету арқылы көзіне түсу. Көбіне олар ірі кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер болады. Әбден сеніміне кіріп алғаннан кейін, оларға неше түрлі ойдан шығарылған, жалған жобаларын айта бастайды. Осылайша кәсіпкерлер мен мемлекеттен қаржылай қолдау алып отарады.

Сондықтан, өзін «төраға», «басшы» деп таныстырған кез келген адамға сене бермеу керек дейді сарапшылар. Ешбір мемлекеттік органда тіркеуде жоқ, бірақ жалған компанияларының атауына "департамент" , "басқарма" деген сөздерді жалғап , талай азаматтарды құрығына түсіруі мүмкін. Түрлі ұсыныспен келген компания күмән тудырса,  тексеру үшін ұйымның кеңсесіне хабарласып немесе сайтын желіден іздеп көрсеңіз де жеткілікті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде