{metadescription}
Астана әкімі: Халыққа бір табан жақын болуға барымды саламын
Астана әкімі: Халыққа бір табан жақын болуға барымды саламын

Астана әкімі: Халыққа бір табан жақын болуға барымды саламын

Елордада көк тіреген биік ғимараттар салына бермейді. Әр құрылыстың кірпіші қаланған тұстан жеке‑дара бақылуда болады деді бас қаланың тұрғындарымен кездескен қала әкімі. Екі жылға таяу әкім орынтағында отырған Жеңіс Қасымбекке, әдеттегідей мәселесін айтуға келген халықта есеп болмады. Үлескерлер жыры, шаһардағы инфрақұрылымды жаңарту, әлеуметтік осал топқа әкімдіктің қолғабыс жасауы сияқты түйткілдер жіпке тізілді.

Елорда десе, үлескерлер жыры, су тапшылығы мен халқы ай емес, күн санап өсіп жатқан шаһар елестейді. Былтыр ғана қала атқамінерлері Астананың кіреберісіне қара құлып салудан аулақпыз дегелі, көрші өңірлерден нәпақа іздеп келген адам саны едәуір артқан. Халық саны ресми 1 жарым миллион межені биыл еңсерді, ал бейресмиін айтпаса да түсінікті. Сұрақ қою кезегіне қолы жеткеннің басым бөлігі қаланың қақ ортасында тұрып, әлі күнге дейін көмір жағып, күл шығарғанына наразы.

Абай мен Брусиловский көшенің қиылысында тұрамын. Жекеменшік жерде тұрамын. Осы жердің тумасымын.  Қаланың қақ ортасында тұрып көмір жағып отырмыз. Газ құбыры неге тартылмайды?

Жеңіс Қасымбек айта_айта жағы талған газ тарту мәселесі қарқынды қолға алынбаса да, бұл салада ілкімді жобалардың барын айтты. "Пригородный", "Өндіріс" тұрғын үй алаптарында көгілдір отын желілерінің құрылысы басталып кеткен. Жұртты алаңдатқан келесі бір түйткіл қаланың қақ ортасында сүріліп жатқан бұрынғы қарттар үйінің жай-күйі. Орнына 60 қабатты  бизнес орталық салынады делінгелі, төңіректегілерден маза кеткен. Себебі Есіл жағалауындағы бұл аймақ құрылыс компаниялары нағыз көз сүзетін жер телімі.

 Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

Қала әкімі ретінде айтайын, бейберекет биік ғимараттар салына бермейді. 60 қабатты бизнес орталық салынады деген жалған ақпарат. Есіл жағалауындағы бұл жерге нақты не салынатыны қазір талқылануда. Бір анығы, халыққа ыңғайлы, кешқұрым серуен құратындай арнайы көпір салынады.

Әлеуметтік желіні жүргізуде белсенділігімен көзге түскен Жеңіс Махмұтұлы қашан да халыққа бір табан жақын болуға барымды саламын дейді. Тіпті осы уақытқа дейін бірде-бір қолданушыны бұғаттап көрмепті.

Сіз маған әлеуеметтік желіде, Инстаграм, Фэйсбк парақшасында жазыңыз дедіңіз. Сосын сіз менің пікірімді жасырып қоясыз, енді онымен қоса, мен сізді белгілей алмай қалдым.

Мен ешкімді шектемеймін, ешкімге ешқашан шектеу қоймаймын.

Тұрғындар қоқыс жәшіктерінің уақтылы жиналмауы, айналада соңғы кезде кеміргіштердің қаптауына әкеп соққанын айтып дабыл қақты. Әсіресе басқасы басқа, ас атасы нанды бөлек жинау керек деген ұсыныс та айтылды.

Қоқыс жинайтын жерлерде нанға қоятын жай жоқ.Мен сексенге келдім. Жаяу аралап шықтым, имансыз құдайдан қорықпаған адамдардың тірлігі осындай болады. Иманы бар адамдар нанды олай тастамайды.

Жеңіс Қасымбек биыл қаланы құрт-құмырсқа мен кеміргіштердің әдеттегіден де көбірек қаптағанына келіспейді. Дәрілеу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Ал қарапайым қараша халықтан бөлек, қала берді қала әкімдігінің де көз сүйеліне айналған аты бар да, заты жоқ құрылыс компанияларымен күрес қарқын ала бастапты. Жыл басынан бері 6 мың үлескер көптен күткен баспанасына қол жеткізген. Ал алдағы жылдың еншісіне шаһарды су жаңа 200 бейнекамерамен қамту.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде