{metadescription}
Жамбыл облысында 250 оқушы мектеп таппай сабылып жүр
Жамбыл облысында 250 оқушы мектеп таппай сабылып жүр

Жамбыл облысында 250 оқушы мектеп таппай сабылып жүр

Жамбыл облысында 250 оқушы оқу жылының ортасында баратын мектеп таппай сабылып жүр. Оған жыл басында ашылған жеке мектептің құжаты жоқ болып, аяқ-асты жабылуы себеп. Ал жұмыс істеуге рұқсаты жоқ мектептің  далада қалған оқушыларын ешбір білім ошағы қабылдамаған. Өйткені оқушылардың бұған дейін алған бағасы ортақ базада жоқ. Қазір ата-аналар балалардың оқығаны туралы құжат бере алмай отырған білім ордасының алдын торуылдап жүр.

Жыл басында жарнамасы жер жарған озық үлгідегі мектепке баласын қуана-қуана апарған ата-аналар бүгін жыларман күйде. Өйткені ақылы мектептің құжат жүзінде сайда саны, құмда ізі жоқ. Алайда ата-аналар ай сайын сапалы білім алуға қомақты қаражат құйып келдік дейді.

Нұргүл Сатаева  оқушының анасы:

Балаларымыз бір тоқсан бойы базада жоқ. Мектеп базасында жоқ. Табельда да жоқ. Үш ай бойы балаларымыз қайда жүрген сонда, білмейміз. Талабымыз құжаттарамызды берсін. Балаларды мектепке кіргізу керек. Бұл мектепті қалай ашты?! Біз сеніп қалып баламызды бердік. 250 баланың тағдырын шешіңдер. Бір тоқсан балалар далада жүр.

Ата-аналардың айтуынша, мектеп ұжымы мектепте мұндай олқылықтың барын еш ескертпеген. Жиналғандар мектептің құжаты жоқ екенін баласын басқа мектепке ауыстырмақ болған ата-анадан білген. Ата-аналардың кейбірі тіпті жылдық оқу ақысын төлеп қойған.

Айсұлу Хасанова оқушының анасы:

42 мың теңге төйлейтін едік, кейбір атана 46  мың төйлейді. Сол жеңілдік сіздерге үш айға, 36 мыңнан төлеңіздер деп. Кейбірі бір жылын төлеп тастады 36 мың деген, кейін алты айлығын, үш айлығын төлеп тастады. Бірақ ақшамыз да жоқ. Ақшамызды қойшы, лицензиясы да жоқ қой.

Ал білім бөлімінің мамандары оқу орталығына  тексеріс басталғанынан бейхабар. Айтуынша, білім сапасын бақылау департаменті лицензияның жоқ екенінін ескертіп, алдын ала хат жолдамаған. Білім бөлімінің басшысы оқусыз қалған оқушылар басқа мектепке ауыстырылды дейді. Ол үшін әр мектепке  оқушылардың мәліметі жеке –жеке берілмек.

Раушан Қожамжарова, Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы:

Бір тоқсан бойы оқымаған. Бз мына кісілерге өзіміз сұратып, әрқайсысын бағалатуға мүмкіндік жасаймыз. Енді қазір жекеменшіктен мемлекеттікке береміз десеңіздер, ол да өз құзырларыңызда. Оны біз қабылдай аламыз.

Жауапты мекеме мамандары лицензиясыз жұмыс істеп келген мектепті сотқа берген. Қазір сот процесі басталған. Олардың айтуынша мектептің заңсыз жұмыс істеп келгені дәлелденсе, бұған дейін мемелкеттік бюджеттен берілген қаражат кері қайтарылмақ.  Қазір өңірде оқушыларға білім беретін 24 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Тексеріс кезінде аймақтағы үш жеке мектептің рұқсат қағазы жоқ болып шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде