Журналистиканың қыр-сырын меңгерген мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды
Алматыда журналистика мамандығының қыр-сырын үйренген мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды. «Бәріне ортақ журналистика» жобасына қатысқандар игі бастама жалғаса берсе деген тілек айтты.
Автор: Шапағат Мырзабекова
07.11.2024
Жанар Әукенова, қатысушы:
— Қурс қатты ұнады, өйткені жан-жақты материалдар жинап, интервью алу, мақала жазып үйрендік. Бұл жоба өзі әрі қарай жалғасын тапса деймін. Өйткені біз сияқты адамдар көп жерден барып, ізденіп, үйрене алмайды. Бізге осындай ұсыныс түскеннен кейін жақсы мүмкіндік алдық.
Төрт жыл бойы жалғасын тауып келе жатқан жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистиканың қыр-сырын меңгертіп, оларды сауатты жазуға бейімдеу. Оған қоса қатысушылар үш айлық курста SMM-маманы болуды, монтаж жасауды үйренді. Осы уақыт ішінде оннан астам түрлі тапсырманы орындап, әрқайсысы еркін тақырыпта бірнеше мақала жазған. Курсты «Жас қазақ» газеті мен «Шеврон» компаниясы ұйымдастырды. Жобаның ақпараттық серіктесі — КТК арнасы.
Айнұр Сағымбайқызы, Chevron компаниясының БАҚ қызметі жөніндегі кеңесшісі:
— «Жас қазақ» газетіне осы шараны ұйымдастырғанына және журналистиканы кеңінен таратқанына алғысымыз шексіз. Барлық қатысушыларға көп рахмет және үлкен белестерден көріне беріңіздер деп тілейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!