{metadescription}
Сарапшылар: Жарнама берушілер телевизияны таңдайды
Сарапшылар: Жарнама берушілер телевизияны таңдайды

Сарапшылар: Жарнама берушілер телевизияны таңдайды

Жарнама берушілер әлі де көгілдір экранды таңдайды. Себебі, тұтынушылар телеарнада көрсетілетін жарнамаға көбірек сенеді. Сондықтан интернет қарыштап дамыған тұста телевизияның әлі де мысы басым бола бермек.

Алматыда өтіп жатқан аймақтық жарнама форумында сарапшылар осындай тоқтамға келді. Жарнама саласындағы ең маңызды шара биыл бесінші рет ұйымдастырылды.

RAF-2024 дәстүр бойынша жарнама, медиа және маркетинг саласындағы жетекші тұлғалардың басын біріктірді. Олар күні бойы жарнама индустриясындағы өзгерістер мен жаңалықтарды саралады. Сондай-ақ өзара тәжірибе алмасып, жарнаманың болашағы туралы сөз қозғады. Тележарнаманың тиімділігі туралы да айтылды.

Олег Бородулин, TV Media Advertising Agency директорының орынбасары:

Телевизия бұрынғыша коммуникацияның ең тиімді саласы. Интернеттегі танымал жарнама берушілер жарнамасын теледидарға да орналастырады. Мәселен, әуе билетін сатуға арналған әртүрлі агрегаторлар, көлік қызметі, азық-түлік жеткізумен айналысатындар. Бұл телеарнадағы жарнаманың жоғары сұраныста екенін көрсетеді.

Жарнама берушіге телевизия әлі де тұтынушымен коммуникация жасаудағы сенімді құрал. Қарапайым халық та көгілдір экраннан көрсетілетін жарнамаға көбірек сенеді. Сондықтан телеарналардың жарнама бюджеті алдағы уақытта тек өседі деп болжайды сарапшылар. Жарнама индустриясында жасанды интеллектінің  қолданылуы да бүгінгі шарадағы маңызды тақырыптардың бірі.

Ғани Жарқынбаев, Mosaic Agency жарнама және коммуникация агенттігінің директоры:

Қазір индустриядағы кәсіби мамандардың бәрі жасанды интеллект қолданады. Телеарналарға контент жасайтын мамандар үшін де оны пайдалану қажет деп ойлаймын. Қазір Қытай мен Оңтүстік, Шығыс Азияға қарайтын болсақ, экраннан ЖИ көре аламыз. Бірақ, менің ойымша, адам адамға көбірек сенетін секілді.

Аймақтық жарнама форумын Орталық Азия жарнама қауымдастығы ұйымдастырған. Шара биыл бесінші рет өтіп жатыр. Оған бұл жолы көршілес жеті елден 600 адам қатысты. Форум аясында Tribune медиажүлдесінің жеңімпаздары да марапатталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде