Тиімді сауда мерекесі! 8-10 қарашада — Kaspi Жұма
Kaspi Жұма — бүкіл халықтың тиімді зат сатып алу мерекесі ертең басталып, үш күнге — 8-10 қарашаға дейін созылады. Бұл оқиғаны сатып алушылар ғана емес, сатушылар да асыға күтуде. Үлкен сатылым алдындағы дайындықты КТК тілшісі көріп келді.
Автор: Әсем Лесбек
07.11.2024
Kaspi Жұмаға қатысатын қазақстандық өндірушілердің саны жыл сайын артып келеді.
Әділбек Болат, Kepler компаниясы сату бөлімінің қызметкері:
— Kaspi Жұма басталған кезде өтінім саны көбейеді. Жалпы күндері 40-50 өтінім түседі. Kaspi Жұма басталған кезде 70 өнімге, күніне 70 өнімге дейін өсе береді. Сондықтан шағын, орта бизнеске көп пайдасы тиеді. Біз жергілікті өндірістік компания болған соң, ұлғаюға, кеңеюге, жақсы мүмкіндік береді. Сондықтан біз әрқашан Kaspi Жұмаға дайынбыз және ашықпыз.
Кеңес Асалбеков, Аяқ киім мануфактура қызметкері:
— Осы өндірісте үш-иөрт жылдай болып қалды, аяқ киім өндіреміз. Kaspi Жұмаға қатысқанымызға екінші жыл болды. Бүкіл облыстан түседі. Батыс Қазақстаннан Шығыс Қазақстанға дейін. Оңтүстіктен солтүстікке дейін. Барлық жерден алады. Кәсіпкерлерге көп пайдасын тигізіп жатыр.
Kaspi Жұма кезінде тауарға ғана емес, қазақстандық компаниялардың қызметіне де сұраныс артады. Мысалы, бағдарламалау бойынша білім беру курсын тиімді алуға болады.
Сағыныш Жукина, nFactorial мектебінің қызметкері:
— Біз нарықта 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. ІТ курстарын сатамыз, осы арқылы адамдарға ІТ мамандығын үйретеміз. Тұрақты түрде Kaspi Жұмаға 2022 жылдан бері қатысып келе жатырмыз. Kaspi Жұманың біздің компанияға берер пайдасы да көп. Kaspi Жұма болған айда біздің сату көлемі ұлғаяды. Себебі клиенттерге ыңғайлы төлем. Сол арқылы клиенттерге де ыңғайлы, біздің де бизнесіміз дамиды.
Электронды саудамен қатар жеткізу қызметі де дамуда.
Арлан Жаксылық, Sun logistics жеткізу қызметінің басшысы:
— Kaspi Жұма бізге ерекше күн. Тапсырыс саны екі есе көбейіп, жоспарды алдын ала дайындап, қызметкерлердің, көлік санын көбейтіп, қосымша, қойма, бөлмелерді дайындап, жылдам жұмыс істеуге барымызды саламыз.
Бұл мүмкіндіктер – Kaspi.kz-тің үлкен еңбегі мен инвестиция нәтижесі. Жақында Михаил Ломтадзе форумда осы туралы айтып өтті.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:
— Мынадай мүмкіндіктер мен технологияларды жасамасақ, жағдай қалай боларын елестетіп көріңіз. Бұл – үлкен инвестиция. Қызмет әзірлеу, дизайн және қолдауға, біз жыл сайын шамамен 200 млн АҚШ долларын жұмсаймыз. Біз бұл қызметтерді серіктестерімізге ұсынамыз. Біздің маркетплейс болмаса, тек шетелдік платформалар мен сатушылар басымдық алып, ал қазақстандық шағын және орта бизнес олармен бәсекелесе алмас еді.
Kaspi-дің бүкіл қызметін де қазақстандық команда жасаған.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:
— Біз жасаған технология, өнімдер мен қызмет – Қазақстанда, қазақстандық команда, Kaspi-де істейтін адамдар жасаған. Біз осында 24 сағат бойы отырып, осындай керемет қызмет көрсету үшін жұмыс істейміз.
Kaspi.kz тәжірибесін бірнеше жылдан бері Гарвардта зерттеп келеді. Бұл – инновациялардың адамдарға, бизнеске және ел экономикасына пайда әкелудің нағыз үлгісі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!