«Заңсыз активтер». Мемлекетке тағы 525 млрд теңгенің мүлкі қайтарылды
Заңсыз активтерді қайтару ісі бойынша мемлекетке тағы 525 млрд теңгенің мүлкі кері қайтты. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия қайтқан қаржыны әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсамақ.
Автор: Мерей Қалиасқар
08.11.2024
Атап айтсақ, мемлекет бұл қаржыға Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорттық кешенін салмақ.
Сондай-ақ Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы мен Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы бой көтереді.
Айта кетейік, комиссия биыл қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдаған. Ол қаражат бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысына жұмсалуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!