{metadescription}
Жиі қолданылатын сегіз медициналық анықтама цифрлық форматта болмақ
Жиі қолданылатын сегіз медициналық анықтама цифрлық форматта болмақ

Жиі қолданылатын сегіз медициналық анықтама цифрлық форматта болмақ

25 медициналық анықтаманың ең жиі қолданылатын сегізі цифрлық форматқа ауыстырылатын болды. Бұл әрі қолайлы және медициналық ұйымдар жалған анықтама жасай алмайды дейді денсаулық сақтау министрлігі.

Азаматтар да қағаз анықтама алып жүрмейді, клиникада кезек күтіп сарылып тұрмайды. Бұның бәріне денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыруды жетілдіргенде қол жеткізілмек дейді вице-министр Ербол Оспанов. Жүйені цифрландыруда мемлекеттік мекеме, жекеменшік субьектілері, кез келген жұмыс беруші кәсіпорын цифрлық форматтағы анықтаманы қабылдауға дайын болуға тиіс. Бір ыңғайлысы, жұмыс беруші қызметкердің қатысуынсыз-ақ анықтама ала алады. Өйткені онда тиісті медициналық ұйымдардың электрондық қолтаңбасы болады. Бұл, әсіресе, жұмысқа жарамсыздық, көлік тізгіндеуге, қаруға рұқсат алу сияқты анықтамалар.

Ербол Оспанов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: 

Сондықтан оның бәрі белгіленген және де егер жалған қызмет көрсетіп медициналық соның нәтижесі анықтамаға түскен болса, әлеуметтік ақпараттық қорының мониторингі арқылы анықталып, оларға айыппұл, болмаса медициналық көмек көрсетуге арналған келісімшартты бұзуға құқығы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде