{metadescription}
Астананы Алматыдан ауыстырудың бірнеше себептері
Астананы Алматыдан ауыстырудың бірнеше себептері

Астананы Алматыдан ауыстырудың бірнеше себептері

Астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстырып не ұттық? Бүгін саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар бас қосып, осыдан 30 жыл бұрын қабылданған тарихи шешімнің маңыздылығын талқылады.

Астананы оңтүстіктен орталыққа қарай ауыстыру мәселесі тәуелсіздік алғаннан кейін бірден көтерілген еді. Дегенмен тың бастама бірауыздан қолдау таба қоймады. Өйткені енді ғана Егемендікке қол жеткізген мемлекет үшін бұдан басқа саяси және экономикалық мәселелер жеткілікті болатын. Алайда ұлт қауіпсіздігі әлдеқайда маңыздырақ. Ал Алматы елдің солтүстігі мен батысынан алшақтау әрі сейсмикалық қауіпті аймақта. Осылайша Жоғарғы кеңес 1994 жылы астананы ауыстыру туралы қаулы қабылдады. Араға үш жыл салып, яғни 1997 жылдың 10 желтоқсанында ресми түрде Ақмола елдің бас қаласы деп танылды. Көп ұзамай атауы да Астана болып өзгертілді. Осы тарихи шешім өңірлердің одан сайын құлдырап кетпей дамуына түрткі болды дейді сарапшылар.

Айнұр Бақытжанова, әлеуметтанушы:

Алматы қаласынан Астанаға ауыстырудың бірнеше себептері бар. Біріншіден, Алматы қаласының сейсмологиялық жағдайына байланысты деп айтсақ болады. Сонымен қоса, Алматы қаласы Қырғызстан және Қытай мемлекеттерімен шекаралас тұрған қала болғандықтан, бұл жерде геосаяси жағдай әртүрлі болуы мүмкін. Ал астананы қазіргі кездегі Астанаға ауыстыру Қазақстанды орталық жүйеден басқаруды білдіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде