Өзбекстанда бірқатар аңның циркке шығуына тыйым салынды
Өзбекстан билігі циркте кейбір жыртқыш және жабайы аңдардың өнер көрсетуіне тыйым салды. Келесі жылы күшіне енетін заңда манежге шығуға болмайтын 67 жануардың жекелеген түрі немесе бүкіл отряды анықтап жазылған.
Автор: Әсем Бақытжанова
08.11.2024
Аю, жолбарыс, піл, жылан сияқты цирктің бұрынғы "жұлдыздары" ғана емес, қарақұрт, балық, скат, құмырсқа да тыйым салынған тізімде бар. Мұндай шешім хайуанаттар әлемін қорғау үшін қабылданған дейді Өзбекстанның экология министрлігі. Жаңа заң мемлекеттік әрі гастрольмен келген цирктерге де қатысты болмақ. Өйткені мамандар өткізген зерттеу қорытындысында цирктегі жануарлардың көбі күйзеліске түсіп, өнер көрсеткен кезде ұсақ жарақат алады екен. Жан-жануарды қызықтағысы келгендер енді арнайы қорық, террариум немесе океанариумға барады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!