Білім беру. Медицина. Әлеумет. БҚО-да — Нұрсұлтан Назарбаев қорының күндері
Батыс Қазақстан облысында Нұрсұлтан Назарбаев қорының күндері өтіп жатыр. Ауқымды шара білім беру, медицина және әлеуметтік мекемелерді қамтыды. Онда қор тарапынан соңғы бірнеше жыл ішінде инклюзив білім беру, мүгедек балаларды оңалту мен мүғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған жобалар іске асырылды. Жаңа жобалар таныстырылды. Қандай іске жеңін түре кіріспек?
Автор: Саят Дәулетжанұлы
08.11.2024
Бар‑жоғы үш жаттығудан кейін ешкімнің жақындауға дәті бармаған робот тапсырмаларды өзі орындай бастады. Күрмеуі қиын кестелер әп-сәтте алақандағыдай бола қалды. Озық технология тұрмысымызға етене араласқан тұста Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Роботек» мектебі информатика мұғалімдерін робототехника мен Arduino платформасы негізінде бағдарлама жасауға үйретті. .
Олжас Айтжанов, «Роботек» робототехника мектебінің спорт бөлімінің жетекшісі:
— Курста мұғалімдерді схе-матехникаға, робот жинап құрастыруға, жарыстарға дайындаймыз. Мұғалімдер осының арқасында оқушыларын облыстық деңгейден бастап, әлемдік деңгейге дейін дайындай алады.
Қор мектеп оқушыларына да үлкен мүмкіндіктер беріп жатыр. Myn Bala, Qabilet, «Тәуелсіздік дәуірі» жобалары ауыл балаларының талантын ашып, кәсібіи бағаытын айқындап, тарихтан да білімін тексереді. Ал педагогтарға арналған Smart Ustaz балалардың даму тетіктерін айқындап, отбасылармен жұмыс істеуде біліктілік береді. El umiti қорының өкілдері өңірдегі мектеп директорларына жобаларды таныстырды.
Гүлім Жүсіпова, El umiti корпоратив қорының атқарушы директоры:
— «Ел үміті» қоры көбіне жастарды, оқушыларды, мұғалімдерді қолдау. Бізде танымал жобалар көп. Мысалы ең танымал «Мың бала» жобасы — Ұлттық олимпиада. Осы арқылы әр ауылдағы балаларды, олимпиададан өткен жеңімпаздарды дарынды балаларға арналған ұйымдарға жолдама береміз.
Нұрсұлтан Назарбаев қоры мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға мән береді. «Қамқорлық», «Самрұк Казына», «Қазақстан халқына» корпоратив қорлары және өңір әкімдіктерімен бірлесіп соңғы бес жылда елімізде 34 оңалту және ерте араласу орталыңығы ашылған. Онда арнайы дайындалған логопедтер, неврологтар, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары және басқа да мамандар бар. Ал Инклюзив білім беру кабинеттері дамуында ерекшелігі бар балаларды өз қатарластарына қосып, кәдімгі мектепте оқуға жағдай жасайды. Қазір мұндай орталықтар әр ірі қалада бар.
Маржан Нұрханова, «Қамқорлық қоры» қорының жоба менеджері:
— Баланың оңалтуды ьөрт жыл бойы күтіп кезекте тұрмайды. Кез келген уақытта отбасынан ажырамай, жұмыстан сұранып жүрмей, өз қаласындағы орталыққа келіп, керекті қызметін алса дедік.
Қор күндерінің бағдарламасындағы маңызды пункттерінің бірі — «Аялаған алақан» қорының Best өнер мектебінің жұмысымен таныстыру болды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларды сурет салу мен қолөнерге үйретеді. Нұрсұлтана Назарбаев қоры жобаны назардардан тыс қалдырмай қолдап, 3 миллион теңге грант бөлді. Бұл қаражатқа шалғай ауылдарда шаштараздар ашылмақ.
Рада Хайрушева, «Аялаған алақан» қоғамдық қайрымдылық қорының жетекшісі:
— Ол жерлерде көпбалалы, жалғызбасты аналар және мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек тәжірибесінен өтеді. Жоспарымыз бойынша алдағы бес жылда әлеуметтік шашатараздар ашуды көздеп отырмыз. Өйткені бұл қызмет қалада ғана емес, ауылда да толық көрсетілуі қажет.
Ауылдағы белсенді қыз-келіншектерге бұл — жаңа мамандыққа үреніп, табысты іс ашып, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын үлкен мүмкіндік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!