{metadescription}
Kaspi.kz Қытай көрмесінің қатысушыларын таңқалдырды
Kaspi.kz Қытай көрмесінің қатысушыларын таңқалдырды

Kaspi.kz Қытай көрмесінің қатысушыларын таңқалдырды

Kaspi.kz қазақстандық инновациялық компаниясының мүмкіндіктері Қытайдың VII Халықаралық импорт көрмесінің қатысушыларын таңқалдырды. Шанхай қонақтарына AliPay+ пен ықпалдасуы мен Kaspi.kz суперқосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі ерекше әсер қалдырды. Шетелде отандық компанияның тағы да қандай керемет әсер бергеніне КТК тілшісі куә болды.

Премьер-министр Олжас Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян Қазақстан павильонына алғашқылардың бірі болып келді. Көрмеде елдің цифрландыру саласындағы жетістіктері ұсынылды. Әрбір қазақстандыққа таныс Kaspi.kz компаниясының стенді жанында нағыз аншлаг. Мұнда «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі туралы айтылуда. Kaspi.kz суперқосымшасында цифрлық жүргізуші куәлігі, жеке куәлік және басқа да көптеген мемлекеттік қызметтерді 10 миллион қазақстандық қолданады.

Dusan Jovovic, Serbia:

Мен Қазақстанда болдым. Адамдары, тағамдары керемет және табиғаты да әсем. Біздің сербтер мен қазақтардың дәстүрі ұқсас. Қазақстанға жиі барғым келеді. Мен қазір Kaspi.kz-ті зерттеп жатырмын, оның көптеген пайдалы функциясы бар.

Bartlomiej Burejza, Poland:

Мен ешқашан Қазақстанда болмадым. Бірақ өте әдемі ел екенін білемін. Үлкен және бизнес жүргізу үшін мүмкіндіктері мол ел. Менің ойымша, Kaspi.kz қосымшасы мен білетін қытайлық қосымшалар сияқты пайдалы.

Қонақтар Kaspi.kz суперқосымшасында автокөлікті қайта тіркеу процесі ерекше қызықтырды. Бұл қызметті күн сайын шамамен 4,5 мың рет қолданады.

Siphamandla Kumkani, South Africa:

Kaspi.kz – тамаша қосымша. Әсіресе, автокөлік сатып алсаңыз, қажеттінің барлығын табуға болады. Барлығы автоматтандырылған. Банкке шот үшін барудың қажеті жоқ. Барлығы телефоннан бес минутқа жетпейтін уақытта шешіледі. Сату келісімшарты да дайын.

Цифрлық технологияға үйренген қытайлықтар да таңқалды. Цзянсу провинциясы сауда департаменті басшыларының бірі Kaspi.kz ұсынатын мүмкіндіктерді көргенде эмоциясын жасыра алмады.

Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстан мемлекеттік технологиялардың жетілу индексі бойынша 6-шы, онлайн қызметтер бойынша 10-шы орында тұр. Халықаралық көрме қатысушылары Kaspi.kz суперқосымшасындағы мемлекеттік қызметтердің жылдамдығы мен ыңғайлылығын жоғары бағалады. Кейбіреуі қазақстандық инновациялық компанияның тәжірибесі басқа елдерде де пайдалы болады деп санайды.

Justin Jonathan Timothy Highman, Monako:

Қазақстанда технология жақсы дамыған. Kaspi.kz – қызықты қосымша. Барлығы бір цифрлық платформаға жиналған. Бұл – инновацияларды енгізудің керемет тәсілі. Бізге де осындай прогрессив нәрселерді жасау керек деп ойлаймын.

Шанхайдағы China International Import Expo Қытайға импортты дамыту мәселелеріне арналған. Жыл сайын көрмеге 300 мыңнан астам қытайлық кәсіпкер келеді. Бұл алаң қазақстандық кәсіпкерлерге миллиондық шарттар жасауға мүмкіндік береді. Ал әртүрлі елдерден келген цифрлық технологиялар мен сауда саласындағы көшбасшылар тәжірибе алмасып, келісімдер жасап, Қазақстаннан шыққан инновациялық шешімдерге таңқалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде