Таразда пәтерден зорлық белгілері бар екі әйелдің денесі табылды
Таразда жалға алынған пәтерден екі әйелдің денесі табылды. Қылмыс қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Автор: Cәбит Әлдебай
08.11.2024
Кісі қолынан қаза тапқандардың бірі — Тараз, екіншісі Алматы тұрғыны. Полицейлер марқұмдардың денесінен зорлық белгілерін анықтаған. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Күдікті әзірге ұсталмаған.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:
— Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің басшылығы мен жедел тергеу тобы барды. Күдіктіні ұстау үшін жедел шаралар жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!