{metadescription}
Алматы облысында ломбард қызметкерін азаптап өлтірді деген төрт күдікті қолға түсті
Алматы облысында ломбард қызметкерін азаптап өлтірді деген төрт күдікті қолға түсті

Алматы облысында ломбард қызметкерін азаптап өлтірді деген төрт күдікті қолға түсті

Мойнына жіп байлап айдалаға көміп кеткен. Алматы облысында ломбард қызметкерін азаптап өлтірді деген төрт күдікті қолға түсті. Полицияның хабарлауынша, олар марқұмды алдымен буындырып, кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті көміп тастаған.

Оқиға Алматы іргесіндегі Көлащы ауылында болды. 51 жастағы азаматқа жақындары бір апта бойы іздеу салған. Үйінен кешкі уақытта шығып, содан ұшты-күйлі жоғалған ер адам қаладағы ломбардтардың бірінде бағалаушы қызметін атқарыпты. Тәртіп сақшылары қанды қылмыс бойынша төрт күдіктіден жауап алып жатыр. 

Нұржан Кеңесханұлы, Алматы облысы ПД КПБ бастығы міндетін атқарушы

Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.