{metadescription}
Үкімет басшысы: Дәрі-дәрмек тапшылығы деген мүлдем болмау керек
Үкімет басшысы: Дәрі-дәрмек тапшылығы деген мүлдем болмау керек

Үкімет басшысы: Дәрі-дәрмек тапшылығы деген мүлдем болмау керек

Дәрі-дәрмек бағасының жыл сайын шарықтап қымбаттауында Денсаулық сақтау министрлігінің де үлесі бар. Бүгін Үкімет отырысында ел премьері Олжас Бектенов салаға жауапты министрден бастап қоластындағылардың барлығын сын садағына алды.

Бұған дейін премьер-министрдің алдына келген дәрі-дәрмек саласындағы шетелдік инвесторлар мен отандық өндірушілер бірауыздан Қазақстан фармацевтикасында тұсау салар түйткілдің көптігін жайып салған. Денсаулық сақтау министрлігі қолғабыс жасаудың орнына, бар дүниені қолдап, жеткізуде кедергі келтіріпті.

Олжас Бектенов Ақмарал Әлназарова бастаған ведомствоға отандық дәрі-дәрмек саласын дамытуды бір адамдай қолға алуды тапсырды. Ұзақ жыл есепте тұрған науқастарға әдеттегідей ем-дом тегін көрсетіліп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде мемлекет қалыс қалмайды. Бұл мақсатқа жыл сайын бюджеттен 500 млрд теңге бөлінуде.

Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі:

Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету және оны алдын ала сатып алу ең басты міндеттердің бірі. Ауруханалар мен емханаларға 2025 жылға арналған сатып алу мен жеткізуге байланысты барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмек тапшылығы деген мүлдем болмауы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде