Онкоауруларға бөлінетін бюджет қаражаты қысқартылмайды
Онкологиялық ауруларға бөлінетін бюджет қаражаты қысқармайды. Бұған дейін Мәжілісте «жаман» дерттің ілгегіне түскендердің саны өскендіктен, бөлінетін ақша сомасы да 20 пайызға қысқаруы мүмкін» деген ұсыныс талқыланған. Бірден арты дауға ұласқан түйткілге Үкіметте нүкте қойылды. Дәрі-дәрмекпен қатар, ем-шаралары да мемлекет мойнында.
Автор: Айжан Шамшидин
12.11.2024
Ержан Нұрлыбаев ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
— Біздің министрлікте дәрі-дәрмек диспансерлік есепте тұрған пациенттерге есептеліп беріледі. Жаңа қосылған науқастарға жаңа өтінім жасалуы тиіс. Жалпы сіздерге айтайын, Қазақстанда жыл сайын онкоаурулар 20 мыңнан астам адамға өсуде. Бүгінде тұтастай осы кеселмен ауырып жатқан азаматтарды дәрімен қамтуда барымызды салып жатырмыз. Ол үшін қажеттілік туындаған жағдайда бір диспансерден екіншісіне шұғыл жеткізу тәжірибесін іске асырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!