{metadescription}
Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізбек
Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізбек

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізбек

Заманауи технологиялар арқасында Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Президент Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде мәлімдеді. Айта кетейік, Әзербайжан елінде өтіп жатқан климат саласындағы іс-қимыл жөніндегі маңызды шараға әлем көшбасшылары қатысуда. Ал пленарлық сессияның ашылуынан кейінгі алғашқы сөз Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген болатын.

80-нен астам мемлекеттің басшылары, халықаралық және өңірлік ұйымдардың жетекшілері жаһандық климат пен табиғаттың өзгеруіне қарсы күрес шараларын жан-жақты талқылады. Бұл ретте мемлекет басшысы жасанды интеллект, жерсерік арқылы мониторингтің озық технологиялары мен су және жер ресурстарын анағұрлым тиімді басқаратын басқа да цифрлық құралдарды белсенді қолдануға шақырды.

Президент апаттан соң қайта қалпына келтіру жұмысын тез атқару үшін қауіп-қатерді басқарудың кешенді жүйесін енгізу қажеттілігіне де тоқталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде