Халық баспанасын сақтандыра бастады, полис ашқандар 7 пайызға жетті
Халық баспанасын сақтандыра бастаған. Әсіресе Алматыда жиілеп кеткен жер сілкінісінен кейін ерікті түрде мүлкіне полис ашатындар 7 пайызға жетті.
Автор: Ақтоты Жұмабек
12.11.2024
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, жыл басында бұл көрсеткіш екі пайызды құраған екен. Үйін сақтандыруға келетін адам саны қандай да бір табиғи апаттан кейін күрт көбейеді дейді мамандар. Бірақ келесі төтенше жағдайға дейін мүлікті сақтандыруда мүлгіген тыныштық орнайды екен.
Агенттіктегілер елімізде сақтандыру мәдениеті әлі де кенжелеп тұрғанын айтады. Көп жағдайда тұрғындар біржылдық полис мәңгі жарамды деп ойлайды. Алайда оның мерзімі тек 12 ай. Сондықтан осы уақыт өткенде үйді қайта сақтандыру керек. Көктемгі тасқыннан кейін баспана сақтандыруды дамыған елдердегідей міндетті қылу мәселесі де көтерілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!