{metadescription}
Министрліктер үйіне қарсы тұрғын үйдің жерасты тұрағында өрт шықты
Министрліктер үйіне қарсы тұрғын үйдің жерасты тұрағында өрт шықты

Министрліктер үйіне қарсы тұрғын үйдің жерасты тұрағында өрт шықты

Астанада министрліктер үйіне қарсы тұрғын үй кешенінің жерасты тұрағында өрт шықты. Түс ауа тұтанған қызыл жалын ортасынан тұрғындар көлігін шығара алмай қиналған. 

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қызыл жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Сарайшық көшесіндегі Версаль тұрғын үй кешенінен будақтаған қою қара түтін жақын маңдағы жолда кетіп бара жатқан көлік жүргізушілерінің де дегбірін қашырды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер паркингтегі күзетшінің бөлмесінде тұрмыстық техника мен жиһаздың жанып жатқанын анықтады. Абырай болғанда ешкім зардап шекпеді. 

Жеңіс Ролан, Астана ТЖД 3-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері:

Сағат 15:39-да хабарлама түсті. 16:00-де өрт толығымен сөндірілді. Өрт орнына төрт техника және 17 жеке құрам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша қысқаша тұйықталу. Содан өрт орын алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.