{metadescription}
Түнде есірткі сататын сайт атауын жазып кететіндер ұсталды
Түнде есірткі сататын сайт атауын жазып кететіндер ұсталды

Түнде есірткі сататын сайт атауын жазып кететіндер ұсталды

Жарнама жасаудан жалықпайды. Алматыда жерасты өткелдеріне есірткі сататын сайттардың атауын жазып кететіндер ұсталды. Жас жігіттер заңға қайшы тірлігін түн ортасында жүзеге асырып келген.

Ұнтақ заттардың жарнамасы бар граффити салуды кәсіп еткендердің бірі 22 жаста болса, екіншісі кәмелетке енді толған. Олар Алматыға өзге қаладан келіпті. Тұрақты табысы жоқ жігіттер бұл жұмысты интернеттен тапқан. Енді оларға қатысты тыйым салынған заттарды насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге заңсыз жұмыс ұсынғандар да іздестірілуде. Сондықтан полиция жай ғана граффити үшін жаза жоқ деп ойлайтындарға ескерту жасайды. Осындай оңай табыс іздегендер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде