{metadescription}
Kaspi Жұма жылдан-жылға дамып барады
Kaspi Жұма жылдан-жылға дамып барады

Kaspi Жұма жылдан-жылға дамып барады

Қазақстандықтар қысқа қалай дайындалуды біледі. Жылы киім мен етік, қысқы дөңгелектер, жылыту құралдары мен басқа да қажет затты күзгі Kaspi Жұма кезінде сатып алған тиімді. Биыл бүкілхалықтық тиімді сауда мерекесі қалай өтті?

Алушылар затты тиімді сатып алса, ал сатушылардың сауда көлемі өседі. Бұл мерекеге қазақстандық өндірушілер де қатты қуанды.

Әлішер Бақыт, қазақстандық Moonshuaq брендінің негізін қалаушы:

Біріншіден, өзім кәсіпкер болғандықтан, Kaspi Жұманы қатты жақсы көремін. Себебі бұл күндері шынымен мерейтой сияқты. Саудамыз жақсы өседі. Адамдарға, сатып алушыларға үлкен мүмкіндік. Kaspi Жұмамен Kaspi дүкеннің экономикаға деген ең үлкен пайдасы, ол – бүкіл қаражат, Қазақстанда қалатын және қазақстандықтар қаражат алмастырып, экономикаға салады.

Туристік агенттіктер де сатылым көлемінің өскенін айтады. Себебі көптеген қазақстандықтар Kaspi Жұманың көмегі арқылы саяхаттайды.

Мәдина Ахиятова, Time Fly travel агенттігінің менеджері:

Біз Kaspi Жұма арқылы үшінші жыл болды, жұмыс істеп жатқанымызға. Ай сайын 380 мыңнан жоғары турист жібереміз деп айтуға болады. Көбінесе Kaspi арқылы алғанды жақсы көреді. Өйткені өте ыңғайлы. Негізі біздің туристер Kaspi Жұманы қатты жақсы көргендіктен, өздері күтеді. Қарап жүреді, қашан Kaspi Жұма деп. Негізі екі есе өседі деп айтуға болады.

Ірі дүкендер тапсырыс жіберуге әрең үлгеріп жатты. Күзгі Kaspi Жұмада ең көп сұранысқа ие тауарлардың бірі – қысқы дөңгелек. 

Ирина Богдан, «Шинмарт-kz» дөңгелек орталығының коммерциялық директоры:

Жыл сайын бұл мерекені асыға күтеміз. Kaspi Жұма кезінде тапсырыс көлемі 10 еседен де асып кетеді. Маған Kaspi Жұмада бүкіл Қазақстан бойынша жеткізілетіні ұнайды. Тіпті кішігірім ауыл тұрғындары да қалаған тауарын ала алады.

Kaspi Жұма кезінде бүкіл ел аумағындағы сатып алушылар тапсырысын уақытында алуы үшін жеткізу қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Батыржан Стамжан, Zammler қабылдаушысы:

Қазір Kaspi Жұма біз таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 8-ге дейін жұмыс істеп жатыр. Біз бұл уақыт аралығында күндігіне 5 мыңнан аса тауарларды өңдеп жіберіп жатырмыз.

Арслан Чотабаев, Aquila logistics курьері:

Бізде әдеттегіден екі есе ұлғайды. Жәй күндері 10-15 тапсырыс, оны күнделікті жеткізетінбіз. Kaspi Жұма кезінде 20-25 сондай тапсырыс шыға бастады, күнделікті, көбейе бастады. Тапсырыстың көп болғаны өте ыңғайлы ғой. Көп жұмыс істесек, көбірек ақша табамыз.

Бұл ауқымды жұмыстың бәрі сүйікті сатып алушыларға арналған. Адамдар тиімді сауданы жайлы әрі рахаттанып жасай алуы үшін.

Нұр Манасов, "Сулпак" дүкенінен сатып алушы:

Бүгін біз кіржуғыш пен тоңазытқыш алайын деп жатырмыз Таңдап, қарап жатырмыз. Kaspi Жұма арқылы алу ыңғайлы және өте тиімді болып жатыр.

Лаура Болатова, KeruenCity дүкенінен сатып алушы:

Маған ұнайды, Каспий Жұма. Керек заттарымызды алып жатырмыз. Біз үй салып жатырмыз. Сондықтан көп затты Kaspi-мен аламыз. Ал енді Kaspi Жұма өте тиімді. 

Назерке Ғаникызы, сатып алушы:

Мен Kaspi Жұмада тоңазытқышқа тапсырыс бердім. Өйткені үйде отырмын, екі баламен. Полуфабрикат жасап жатырмын. Соған керек болды. Kaspi Жұманы күттім.

Бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі қазақстандық сауданың нағыз құбылысына айналды. Kaspi Жұма адамдардың өмірі жайлы болуына, ал бизнеске дамып, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде