{metadescription}
Көкшетауда некесін қидырған жігіт сол күні кісі қолынан қаза тапты
Көкшетауда некесін қидырған жігіт сол күні кісі қолынан қаза тапты

Көкшетауда некесін қидырған жігіт сол күні кісі қолынан қаза тапты

Көкшетауда 21 жастағы жігіт некесін қидырып, отбасылық өмірге қадам басқан күні кісі қолынан қаза тапты. Қайғылы жағдай мейрамханада болған. Күйеу жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен бір адам ұсталды. Сондай-ақ марқұмның достары да қамауға алынған.

Бақтияр Утекин, Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары:

Біз көрсетілген фактілер бойынша мұқият және объективті тергеу жүргіземіз. Сондай-ақ тергеу басшылық бақылауында.

Неке сарайынан шыққан бақытты сәтін әлеуметтік желіге жариялаған жас жұбайлардың қуанышы көпке созылмады. Марқұм қалыңдығымен некелескен күні достарын шақырып қуанышын бөліспек болған. Алайда жас жігіт пен мейрамханадағы бөгде біреудің арасында жанжал туып, соңы күйеу жігіттің өлімімен аяқталды. Қыршын кеткен 21 жастағы жігіттің ауылдағы ата-анасы тойға деп байлаған малын жаназасына сойып қанжылап отыр. Қара жамылған отбасы баласының өліміне кінәлілер «ең ауыр жазаға тартылуы тиіс» дейді.

Нұрлан Мағзұмов, марқұмның әкесі:

Айтарым өмір бойына сотталсын. Әйтпесе, аяғына дейін барамын. Міне, тойын өткізейін деп жатқанда дұғасын өткізіп жатырмын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде