{metadescription}
Қостанайда полицейді өлтірген ұзынкөлдік өмір бойына сотталды
Қостанайда полицейді өлтірген ұзынкөлдік өмір бойына сотталды

Қостанайда полицейді өлтірген ұзынкөлдік өмір бойына сотталды

Қостанайда полиция қызметкерін айуандықпен өлтірген сотталушыға үкім шықты. Аса ауыр қылмысқа барған Ұзынкөл ауданының 35  жастағы тұрғыны енді өмір бойы түрмеде отырады.

Былтыр мамыр айында түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын шыққан Виктор Сербокрыл 43 жастағы криминалистен кек алмақ болып артына түскен. Айыптаушылардың айтуынша, ол еңбек демалысындағы Құмар Шайтосовты аңдып жүріп, өз үйінде бірнеше рет пышақтаған. Ол марқұмның басын кесіп алуға әрекеттенген. Десе де сотталушы кінәсін ішінара ғана мойындаған. Сот оны кәнілі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.

Мәриям Сүлейменова, Қостанай облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры:

Сотталушының бұл қылмысқа алдын ала оқталғанын іс қағаздарына жазылған белгілерден байқауға болады. Ол тергеуші мен зардап шегушінің аты-жөнінің жанына «бауыздаймын» деп жазған. Ол бұл белгіні түзеу мекемесінде жатып жазғанын мойындады. Бұл қылмыстың  аса ауырлығын ескере отырып, соттан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде