«Келешек» бағдарламасына жиналған қаражатқа баспана алуға да мүмкіндік бар
«Келешек» бағдарламасына жиналған қаражатқа баспана алуға да мүмкіндік бар. Ол үшін шот иесі грантқа оқуға түсуі керек. Бес жастан бастап ата-анасы бір жақтан, мемлекет пен банк екінші жақтан сыйақы беріп, там-тұмдап жиналатын қаражаттың құқық жағы бүгін Мәжілісте қаралды.
Автор: Айжан Шамшидин
13.11.2024
Ғылым және жоғары білім министрлігінің айтуынша, «Келешек» жинақтау жүйесі мен Ұлттық қорда жиналатын қаражатты біріктіріп те кәдеге асыруға болады. Жиналған ақшаны бала жоғары білім алуына жұмсай алады, болмаса, бауырының оқуын да төлейтін мүмкіндік қарастырылған.
Жалпы бұл бағдарламаға ілінемін деген ата-аналар баласы бес жасқа толған соң кез келген банкте немесе сақтандыру компанияларында перзентінің атына шот ашады. Әр шотқа мемлекет бюджеттен 221 520 теңге ретінде бастапқы білім беру капиталын құяды. Жетім балаларға бұл сома екі есе көп, яғни 442 040 теңге. Ал ата-аналар жыл сайын ең төмен жарнаны — 88 мың теңгені құйып отыруы міндет. Жылдық жарнаға қойылатын талаптар бұзылса, бастапқы білім беру капиталы бюджетке қайтарылады.
Талғат Ешенқұлов, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
— Егер салымшы жылына кем дегенде 12 АЕК қаражат құймаған жағдайда, ол өзінің салымдарын әрі қарай жалғастыру ниетін қолдамаған жағдайда мемлекет тарапынан берілген сиақылар қайтарылады да, келесі азаматтарға берілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!