“Жайлы мектеп”. Ақтөбе облысында сапасыз нысанның құрылысы тоқтатылды
Ақтөбе облысында “Жайлы мектеп” жобасымен салынып жатқан бір нысанның құрылысы жарты жолда тоқтатылды. Себебі: сапасы сын көтермейтін құрылыстың қабырғалары қақырап, тірек белдеулері үгітіле бастаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
13.11.2024
Құрылысы жыл басында басталған нысанның іргетасы құйылып, бірінші қабаты көтерілген. 600 оқушыға арналған бұл мектепке бес миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылыпты. Бірақ жұмыстың ортасына келгенде сапасына қатысты тоқтап тұр. Тапсырыс беруші “Самұрық-Қазынадағылар” алғашқы комиссияның қортындысын алған. Онда құрастырмалы іргетас пен қаланған кірпіште жарық барын, бетон монолитті белдеу мен тірек табанының үстіңгі жағында кемшілік барын анықтапты. Сондықтан іргетасты бекіту жүргізіле ме, әлде ғимаратты толық сүріп, қайта сала ма, оны тағы зерттеп жатыр. Кемшілікке жол берген инженер-техник мамандар толықтай жұмыстан қуылған. Тексеру аяқталғанша, жобаға жауапты басшылар да қызметінен шеттетіліпті.
Нұржан Жандос, бас мердігер компанияның аймақтағы директоры:
— Біздің болжауымызга, қателік жіберілген, осы жұмыста, сапасына сай емес материалдар қолданды деп ойлаймыз. Енді зертхана шешімі шыққан кезде ғана жұмыс жүргізуге дайынбыз. Осының барлығын, жөндеу жұмысы біздің есебімізден жасалады. Бұл мектепке біз тапсырыс берушіден қаражат алып жатқан жоқпыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!