{metadescription}
«Уақыт белдеуі». Аида Балаева: Астанаға да бірден үйренісе алмағанбыз
«Уақыт белдеуі». Аида Балаева: Астанаға да бірден үйренісе алмағанбыз

«Уақыт белдеуі». Аида Балаева: Астанаға да бірден үйренісе алмағанбыз

«Астанаға да бірден үйреніспедік». Уақыт белдеуін кері қайтару туралы петицияға қатысты мәдениет және ақпарат министрі осындай пікір білдірді. Аида Балаева араға үш жыл салмай, қандай да бір түпкілікті шешім қабылдау әлі ерте деп санайды.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Петицияға қатысты пікірімді айтатын болсам, елімізде көптеген сұраққа қатысты түсінбеушілік болып тұрады. Мәселен, Алматыны Астанаға ауыстырған кезде де жұрттың 90 пайызы қарсы болды. Ал қазір қалай? Барлығымыз бас қаламызды сүйеміз. Сондықтан уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сұрақ та уақыт еншісінде деп білемін.

Сағат тілінің бір сағат артқа шегіндірілуі елдегі энергия тұтыну деңгейіне де еш әсер етпеді деп хабарлайды энергетика министрлігі. Ең жоғарғы жүктеме, әдеттегідей, барлық өңірде таңертеңгі және кешкі уақытқа сәйкес келіп жүр екен. Дегенмен бұрынғы уақыт белдеуіне қарағанда кешкі уақытта электр қуатын пайдалану бір сағатқа артқан. Есесіне, таңның ерте атуына байланысты бұл бір сағаттық айырма еш сезілмейді дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде