«Жанартау». Әуе компаниялары Балиға рейсті уақытша тоқтатты
Халықаралық әуе компаниялары Балиға бағытталатын рейстерді уақытша тоқтатты. Өйткені жанартау атқылап, күлі он шақырым биікке көтерілген.
Автор: Әсем Бақытжанов
13.11.2024
Табиғи апатқа байланысты аралдан мыңдаған турист эвакуацияланды. Он күн бұрын оянған «Левотоби» жанартауының кесірінен сол маңдағы елді мекендер отқа оранып, тоғыз адам қаза тапты. Бали маңындағы төрт ірі аралдың әуежайы да жабық. Әзірге ішкі және халықаралық 25 рейс кейінгі шегерілген.
Индонезия елі Тынық мұхиттағы отты шеңберде орналасқан. Бұл аумақта 300-ден астам белсенді жанартау орналасқан және жер сілкінісі де жиі болып тұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!