{metadescription}
ШҚО: Қалың қардан Марқакөлдегі бірнеше ауылда қатынас үзілді
ШҚО: Қалың қардан Марқакөлдегі бірнеше ауылда қатынас үзілді

ШҚО: Қалың қардан Марқакөлдегі бірнеше ауылда қатынас үзілді

Шығыс Қазақстан облысы қалың қар астында қалды. Қыс басталмай жатып Марқакөл ауданындағы бірнеше елді мекенмен қатынас үзілді.

Борап жауған ақұлпаның қалыңдығы кей жерде бір метрге жуықтаған. Теректі, Ұранхай, Төсқайың тас жолы үш күннен бері жабық. Алты техника бөлініп, қалың қарды күреп жатыр. Бірақ жол тазалауға ақтүтек боран кедергі келтіруде. Ал аудандық атқамінелер ауа райы тұрақталған жағдайда ғана қар астында қалған қарашамен қатынас жанданады дейді. Көлік қатынасын қалпына келтіріп, қардан тазартуға әлі екі күн қажет.

Рүстембек Кемешев, Марқакөл ауданының әкімі:

Бүгін шығыс жолдың техникалары, яғни алты техника әр учаскеге бөлініп жұмыс істеп жатыр. Қосымша ауыр техникаларды шақыртып жатырмыз. Сондықтан жолға шықпай, сабыр сақтауларыңызды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде