Сағаттың шегерілуі Қызылорда облысының тұрғындарына майдай жаққан
Уақыттың ауысуы Қызылорда облысының тұрғындарына майдай жаққан. Сол аймақтың тумасы, сенатор Геннадий Шиповскихтің сөзінше, ауылға барған сайын өзгеріске рахметін жаудырып жатқан халықта есеп жоқ.
Автор: Айжан Шамшидин
14.11.2024
Жылдар бойы Сыр өңірінің жұртшылығы сағат тілін бір сағатқа кері шегіндіруді жергілікті атқамінерлерден де, үкіметтік деңгейде де талап етіп жүріпті. Енді дегені болған соң, қызылордалықтар бірауыздан «биологиялық сағатымыз реттелді» деп қуанышын жасырмауда. Дегенмен Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне наурыз айынан бастап көшкелі, өзге өңірлердің тұрғындарынан депутаттар мен министрлер атына бағытталған шағым-хаттар толастамай отыр. Осы ретте сенаторлар өңірдің тыныс-тіршілігіне қарай, әр жағдайды жеке-дара қарастырған жөн деп санайды.
Геннадий Шиповских, Сенат депутаты:
— Әрине, халық болып шешуіміз керек. Әр өңірдің, әр елді мекеннің өз жағдайы бар. Бірақ тағы да айтайын, өзім кіндік қаным Қызылорда облысында тамғаннан кейін, Арал өңірінде, біз дәл сол уақыт үшін біраз күрескенбіз. Өйткені қаншама дәлелдемелік сараптамалардан өткізіп, жоғары деңгейде, барлығы айтылып көрсетілген. Сондықтан да бір сағат артқа бұрғаннан кейін бізге өте тиімді болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!