{metadescription}
Жас жігіттерді әскерге күштеп әкетіп жатыр. Қорғаныс министрінің орынбасары пікір білдірді
Жас жігіттерді әскерге күштеп әкетіп жатыр. Қорғаныс министрінің орынбасары пікір білдірді

Жас жігіттерді әскерге күштеп әкетіп жатыр. Қорғаныс министрінің орынбасары пікір білдірді

Әскерге баруға тартыншақтанғандардан түбі нағыз ержүрек сарбаз шығады. Әскери қолбасшылық бұған сенімді.

Жас жігіттерді көшеден күштеп әскер сапына әкетіп жатқандарға қатысты пікір бірдірген қорғаныс вице-министрінің сөзінше, бұндай қарсылықтың астарында түрлі себеп болуы мүмкін. «Арасында балалығымен қоштасып, үлкен өмірге аяқ басқысы келмейтіндер де бар» - дейді Шайх-Хасан Жазықбаев. Дегенмен елімізде ақыры суицидпен аяқталып жатқан соңғы жағдайларға «тек қорғаныс министрлігін кінәлау дұрыс емес» дейді ол.

Шайх-Хасан Жазықбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Таңғы алты жарымда жаттығуға шыққысы келмейтін шығар. Әр жағдайға әртүрлі қарау керек. Мысалы, біз білмейміз ғой, роликте қашып бара жатқан баланың не үшін қашып бара жатқанын? Мүмкін ол сол кезде қызымен кездесу керек болған шығар немесе басқа да жағдай болып қалған шығар?! Сондықтан әр жағдайға жеке қарау керек. Жалпы, жастар, Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне сенбейді деп, жалпылама айтқан қате деп санаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.