Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды
Келген жолымен кері қайтты. Екі жыл бойы халықаралық іздеуде болған қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды.
Автор: Әсем Бақытжанова
14.11.2024
Қашқынды елге қайтару үшін еліміздің бас прокуратурасы, сыртқы және ішкі істер министірліктері біраз тер төккен.
Еске салсақ, ол 2022 жылы психотроп заттарды сатумен айналысты деген күдікке ілінген. Сол кезде полицейлер оның Астанадағы үйін тінткен кезде 17 қап меткатинон тәркілеген. Анталиядан алдыртқан күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.
Әсел Беркалиева, ҚР Бас прокуратурасының өкілі:
— Биыл қазанда күдікті Анталия қаласында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!