{metadescription}
«60 жоба». Целиноград ауданындағы 14 ауылда жол құрылысы аяқталуға жақын
«60 жоба». Целиноград ауданындағы 14 ауылда жол құрылысы аяқталуға жақын

«60 жоба». Целиноград ауданындағы 14 ауылда жол құрылысы аяқталуға жақын

Биыл Ақмола облысына қарасы төрт ауданның жол желісін жөндеу қолға алынған. 60 жоба бойынша осы мақсатқа 39 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Қазір Целиноград ауданындағы 14 ауылда жол құрылысы маусымы бірер күнде аяқталады.

Елорда іргесіндегі  Қараөткел ауылында биыл жол құрылысы қызу жүріп жатыр. Бірден 13 жол учаскесі, яғни 11 шақырым жол күрделі жөнделген. Құрылыс кезінде қазылған жер, үйілген қиыршық тас тұрғындарға қиындық та туғызған. Енді олар тақтайдай жолға қарап қуанып жүр. 

Анатолий Нейловский:

Биыл жігіттер жарады. Қаншама жолды жөндеп шықты. Қандай қиындық көріп, сазды батпақта жүрдік. Енді ауыл іші қандай жинақы, асфальтта жүрміз.

Қыс болса қыр астында. Жаздай бел шешпей еңбек еткен серіктестік алдағы жылы Қараөткелде тағы төрт көшені күрделі жөндеуден өткізуге тиіс. Жер қатқанша, келер жылғы жұмысқа дайындық жасап үлгеру керек ,-дейді мердігер.

Әділет Хабас, бас мердігер:

Қазір қараша айында тек қазба жұмыстары жүріп жатыр. Одан кейін материал, тастарды саламыз. Сонымен таптап, бекітіп, осы маусымға жұмысты аяқтаймыз.

Бұл келер жылдың қамы. Күн жылынып жол құрылысы қайта басталғанша, жер де басылып үлгереді екен.

Сұлтан Әлиасқаров, Целиноград ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолы бөлімінің басшысы:

Биыл ауданда 47 шақырым асфальт салдық. Целиноград ауданын дамытуға, көлік инфрақұрылымын дамытуға 19,5 миллиард теңге бөлінді.

Жол құрылысы биыл 14 ауылда жүргізілген. Көше жарығын орнату, ауылдарды абаттандыру да қолға алынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде