КТК: «Қайсар қыз» сериалы шарықтау шегіне жетті
Әскери өмірдің тәртібіне көнген генералдың қызы әкесінің қарсылығына қарамастан, жауынгерлік-дәрігерлік дайындықтан толық өтуге бел буады. КТК арнасында көрсетіліп жатқан «Қайсар қыз» телехикаясы шарықтау шегіне жетті.
Автор: Ақтоты Жұмабек
14.11.2024
Алғашында әскердегі қатал тәртіпке үйренісе алмаған қыз үйіне қайтқысы келеді. Бірақ басты кейіпкердің мұндай қадамға баруға намысы жібермейді. Оған қоса, оның капитанға деген сезімі арта түседі. Капитан мен Динараның әскердегі өмірі қалай жалғасады?
Дүйсенбіден жұмаға дейін кешкі сағат 6-да көрсетілетін «Қайсар қыз» сериалының соңғы бөлімдерін өткізіп алмаңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!