{metadescription}
Ақтөбеде түрме тазалығына қатысты шағым айтқандар тергелетін болды
Ақтөбеде түрме тазалығына қатысты шағым айтқандар тергелетін болды

Ақтөбеде түрме тазалығына қатысты шағым айтқандар тергелетін болды

Ақтөбедегі қатаң тәртіптегі түрменің тазалығына қатысты шағым айтқандар тергелетін болды. Себебі, жазасын өтеушілер қолдануға тыйым салынған ұялы телефон арқылы колония ішін камераға түсірген.

Бұл халық арасында «алтыншы түрме» аталып кеткен, Ақтөбедегі №8 түзету мекемесі. Сотталушылар «тарақан мен тышқан қатаптап жүр» деп шағым айтады. Ас ішетін темір ыдыстары да көңілден шықпайды екен. Пластик терезелер жабылмай, қара суықта тоңып отырмыз деп, бейнекамераға тәтпіштеп түсіріпті. Бірақ түрме басшылары түзету мекемесі «демалатын шипажай емес» деп отыр. Әр бөлменің тазалығына сотталушылардың өзі жауапты дейді. Оған қоса, еден мен басқа да түрме заттарын сотталушылар қасақана бүлдірген көрінеді.

Әйтсе де түзету мекемесінің ғимараты ескіргенін растайды. 1957 жылы салынған түрмеге жөндеу жүргізу жағы қарастырып жатыр. Қазір бұл түрмеде 900 адам жазасын өтеп жатыр.

Ғазиз Дәулетов, №8 түзету мекемесінің бастығы:

Көрсетілген видеоны түсіргенде  мобильді телефон қолдануға негізі тыйым салынған. Қолдануы, телефон кіргізгеніне қызметтік тергеу тағайындалды. Антисанитарияға сотталғандардың өзі тазалық сақтау керек. Сотталған азаматтар кестеге сай тазалық сақтауға міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.