«Семей орманы» резерватында жалған дипломмен жұмыс істегендер анықталды
Семейде жалған дипломмен жұмыс істегендер анықталды. Бесеуі де «Семей орманы» резерватының қызметкерлері.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.11.2024
Орман саласының мамандары жоғарғы оқу орнын бітіргені туралы жалған диплом жасатып алған. Оның төртеуі қатардағы қызметкер болса, біреуі филиал басшысы екен. Жергілікті Шәкәрім атындағы университеттен оларға ешқандай құжат берілмегені анықталды. Резерват қызметкерлерінің жалған дипломды қайдан алғанын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Бекжан Бекенов, Абай облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары:
— Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 385-бабының үшінші бөлігі, яғни жалған құжат жасау, дайындау немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Материалдар процессуалдық шешім қабалдау үшін полицияға жолданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!