Таразда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Таразда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, медициналық бригаданың фельдшері ауруханаға жеткізілді. Қатты соққыдан жедел жәрдем көлігі жол жиегіне аударылып қалған.
Автор: Сәбит Әлдебай
15.11.2024
Оқиға таңғы сағат сегіз шамасында Ташкент көшесінде болған. Жұмыс бабымен жүйткіп бара жатқан жәдел жәрдем көлігі бұрылыстан шыққан «Ниссанмен» соқтығысқан. Ал түрлі жарақат алған медициналық бригаданың фельдшері ауруханаға жеткізілді. Ал жедел жәрдем жете алмаған шақыртуға басқа бригада шұғыл жіберілген.
Бекзат Әбітаев, Ақпараттық-жедел диспетчер қызметінің меңгерушісі:
— Фельдшер басы, кеудесінен және омыртқасы жарақаттанып ауруханаға жеткізілді. Жүргізушінің жеңіл жарақаттары анықталып, ол орнында қалдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!