{metadescription}
Спортшыларымыз IX қысқы Азия ойындарына дайындалып жатыр
Спортшыларымыз IX қысқы Азия ойындарына дайындалып жатыр

Спортшыларымыз IX қысқы Азия ойындарына дайындалып жатыр

Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына үш айдан аз уақыт қалды. 7-14 ақпан аралығында өтетін жарысқа Қазақстан спортшылары қызу дайындық жүргізіп, жоғары көрсеткішке қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Байрақты бәсекеге құрлықтағы 32 елден мыңнан аса спортшы қатыспақ. Олар спорттың алты түрінен яғни 11 дисциплина бойынша 196 медальді сарапқа салады. Соның елуіне Қазақстан намысын қорғайтын 139 спортшы таласады.

Дүбірлі додада ұлттық құрама биатлон, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және фристайл-акробатика бойынша жеңіске жетуден үмітті.

Айта кетейік, Қазақстан қысқы Азиадаға 1996 жылдан бері қатысып, 78 алтын, 62 күміс пен 56 қола медальды қанжығасына байлаған.

Азамат Имашев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары:

Хоккей спортынан Азия ойындарында негізі алға қойылған міндеттеме алтын медаль. Алматыдағы өткен аптада мәресіне жеткен Азия чемпионатында біздің команда екінші құрамамен 1 орын алды. Осы жеңісті Харбинде қайталаймыз ба деген бізде жоспар тұр. Шорт-трек бойынша Қазақстандық стиль қалыптасқан. Әлемде үлкен жарыстарда мойындатып жүр. Бұл жарыстарда жүлделі орындарға ие боламыз деп ойлаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде