Қостанай облысында марқұмды жерлемей тұрып, қонақ асын беруге тыйым салынды
Қостанай облысында марқұмды жер қойнына табыстамай тұрып қонақ асын беруге тыйым салынды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдері ысырапқа қатысты бес түрлі шектеу енгізген.
Автор: Сәбит Әлдебай
15.11.2024
Ортақ ережеде дастарқан мәзіріндегі тағамның санына да шектеу қойылыпты. Ал салт-жоралғыны жиналысқа айналдырмау үшін үш кісіден артық сөйлемеу келісілген. Сондай-ақ жаңа құжатта зиратты ортақ стандартпен шағын етіп салу мәселесі де қарастырылған. Мамандар жаңа бастаманы жұрт жақсы қабылдағанын айтады. Өйткені марқұмның қайғы жамылған жақындары көп жағдайда ас-су тасып әбігерге түсіп жатады дейді.
Бектұрсын Торғайбайұлы, Қостанай облысының бас имамы:
— Тас түскен жеріне ауыр демекші, барлық ауыртпалық, барлық шығын қайғы жамылған үйге түседі. Сондықтан сондай қазалы үйлерде атындағы ұрпақтарына салмақ түсірмес үшін, жаназа рәсімдеріндегі аста ысырапқа жол бермеуіміз қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!