{metadescription}
Алматы: Ботаникалық бақта «Арқалан» петроглиф саябағы ашылды
Алматы: Ботаникалық бақта «Арқалан» петроглиф саябағы ашылды

Алматы: Ботаникалық бақта «Арқалан» петроглиф саябағы ашылды

Алматыдағы бас ботаникалық бақта «Арқалан» петроглифтер саябағы ашылды. Тұрақты көрмеде еліміздің ежелгі тастарына салынған бейнелердің көшірмесі ұсынылған.

Жоба авторлары өсімдіктер мен жануарлардың суреттерін барлық өңірден жинаған. 300-ден астам суретті 14 тасқа дәлме-дәл түсіру үшін суретшілер екі жылдан астам уақыт жұмыс жасапты. Аумағы 2600 шаршы метрді құрайтын саябақ Ботаникалық бақтың оңтүстігіне қойылды. Ұйымдастырушылар келушілерге қазақ елінің тыныс-тіршілігін барынша жеткізуге тырысқан. Онда түрлі қазақи нақыштағы әшекей бұйымдар қойылды.

Айта кетейік, петроглифтердің бірегей көшірмесі ТМД елдері бойынша алғаш рет Қазақстанда ашылып отыр.

Ольга Гумирова, «Петроглифтер аңшылары» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры:

Біз мұндай шешімге осыдан үш жыл бұрын Арқарлы экспедициясында жұмыс істеп жүрген кезде келдік. Әріптестерімізбен саябақтың тұжырымдамасын әзірлеуге кірістік. Жоба мақсаты түркі елдерінің петроглифтарын сақтау, әрі қазақ даласының тарихын насихаттау.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде