Қарағанды-Балқаш тас жолында көлік аударылып, жеті адам мерт болды
Қарағанды- Балқаш тас жолындағы көктайғақта көлік аударылып, жеті адам қайтыс болды, екеуі — бала.
Автор: Мерген Тоқсанбай
15.11.2024
54 жастағы жүргізуші «Тойота Альфардтың» тізгініне ие бола алмай жолдан шығып, аударылып қалған. Оқиға орынында қайтыс болған жеті адамның ішінде 40 жас шамасындағы ана, үш және төрт жастағы бүлдіршіндер бар. Ал аман қалған 12 жасар қыз орта деңгейдегі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Жасқайрат Қайыров, Қарағанды облысы ПД бастығының міндетін атқарушы:
— Алматы-Екатеринбург тас жолында Құрма ауылына екі шақырымдай жерде «Тойота Альфард» автокөлігінің жүргізушісі көлік басқаруына ие бола алмай қалып, аударылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші және оның 6 жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Сонымен қоса 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!